Мысырда балықшылар кемесі суға кетті: 11 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суэц каналында балықшылар кемесі контейнер тасушымен соқтығысып, 11 балықшы ажал құшты, 23-і із-түзсіз жоғалған, деп хабарлады Росбалт.

11 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Шекара қызметі мен Мысыр ӘТФ қалған балықшыларды іздестіруде, деп хабарлады мысырлық Оңтүстік Синай провинциясының жедел қызметі.