11:33, 20 Сәуір 2009
Мысырда бір аптада құс тұмауының оқиғасы үш рет тіркелді
КАИР. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат – Мысырда соңғы аптаның ішінде құс тұмауын жұқтырудың үшінші оқиғасы тіркелді,
деп хабарлады жексенбі күні кешке елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әбдел Рахман Шахин.Әбдел Рахман Шахиннің айтуынша, H5N1 вирусының адам үшін қауіпті штамы Кафар эш-Шейх провинвинциясында 1,5 жасар қыз баланың бойынан табылып отыр. Қыз бала қазір арнайы ем-дом қабылдауда, дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты» деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Жұма күні Мысыр өкіметі Каирде құс тұмауы оқиғасының тіркелгенін хабарлаған болатын, ал сәрсенбі күні - осы Кафар эш-Шейх провинциясында тағы бір осындай оқиға орын алған.