Бұл туралы мысырлық Al Ahram газеті хабарлады.
Бұдан басқа, кассациялық сот Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың екі ұлы Али мен Гамальды түрмеге қайтаруды талап ететін Бас прокуратураның ұсынысын қабылдамады. Бұдан бұрын Мүбарактың ұлдары сыбайлас жемқорлық баптарымен сотталған - олар 2002-2011 жылдарда президенттік резиденцияны жаңғыртуға арналған бюджеттік қаражатты иемденгені үшін айыпталған, деп жазды «Российская газета».
«Араб көктемі» кезінде шеруді таратқаны үшін айыпталған Хосни Мүбаракқа қатысты іс бойынша кассациялық сот шешімі кезекте тұр. Егде тартқан бұрынғы президент бірнеше айлар бойы Каирдегі әскери госпитальда жатыр.