деп хабарлады РБК.
«Жарылыс бүгін таңертең Әль-Ариш қаласына тақау жерде Әль-Тувайле учаскесінде орын алды. Бұл жерде құбыр Израиль мен Иордания үшін жеке желіге бөлінбеген», - делінген Reuters агенттігінң ақпаратында.
Қауіпсіздік қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда қаскүнемдер шағын жүк көлігімен келген. Олар ор қазып, оған жарылғыш зат қойғаннан кейін куәгерлердің көзінше қашықтан жарып жіберген. Жарылыс 30 шақырым қашықтыққа дейін естілген.
Әзірше бірде бір топ бұл қылмысты мойнына алып отырған жоқ. Айта кетерлігі, бұл Египетте оппозиционер ел президенті Хосни Мүбаракты тақтан тайдырған 2011 жылдан бергі газ құбырындағы 15-ші жарылыс.