Бұл туралы «Оn travel» туристік компаниясының бас директоры Наталья Линник хабарлады.
Оның айтуынша, қазақстандық азаматтар мысырлық AMC Airlines әуе компаниясының ұшағымен жеткізілді. «Бүгін түнде сағат 2-лерде барлық туристер Алматыға аман-есен жетті»,- деді Н.Линник. Басқа қалалардың тұрғындарын өз қалаларына транзитпен жетулеріне көмек көрсетілді, деді туристік компанияның басшысы.