Мысырда қатты ыстықтан екі күнде 40 адам ажал құшты
02:10, 12 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы екі күн ішінде Мысырда аптап ыстықтан кемінде 40 адам ажал құшты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Аса қатты ыстық Мысырда соңғы аптада байқалған. Жуырда елдің солтүстігінде ауа температурасы 40 градус Цельсийге көтерілгенде, 19 адам ажал құшты. Тағы 21 адам жексенбі күні көз жұмды. Қайтыс болғандардың басым бөлігі - егде жастағы жандар, деп нақтылады елдің Денсаулық сақтау министрлігінде.
Ыстықтан құрбан болғандардың жалпы санынан 26 адам Каир тұрғыны болған.