Бұл туралы жергілікті БАқ хабарлайды, деп жазды Lifenews .
Журналистердің берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, қайғылы оқиға 19 шілде күні, кешке қарай Ніл өзенінде, Мысырдың Эль-Мануфия елді мекеніне бара жатқан жолда орын алған. Жүк тасыған кеменің ішінде адамдар болған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы жіберілді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 20 адам іс-түзсіз жоғалып кеткен.