Мысырда «құс тұмауынан» бір әйел қайтыс болды

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Тамыздың 27-сінде Мысырда «құс тұмауы» - H5N1 вирусынан 33 жастағы әйел қайтыс болды. Осылайша, бұл елде осы індеттен көз жұмғандардың саны 36 адамға жетті, оның ішінде 9 оқиға - ағымдағы жылы орын алған, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша, Әл-Калубия уәлаятынан Каирге келген әлгі әйел ағымдағы аптада ауруханаға түскен. Дәрігерлер оны «Тамифлю» дәрісімен емдеген, бірақ оның беті сол күйі бері қарамаған. Кеше, тамыздың 26-сында әйел көз жұмды.