Мысырда құс тұмауының тағы бір оқиғасы тіркелді

МӘСКЕУ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – Мысырда құс тұмауының адамға жұғуының кезекті 59-ыншы оқиғасы тіркелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Абдель Рахман Шахин ресми түрде мәлімдеді.Бұл жолы H5N1 вирусын Каирдің оңтүстігіндегі Асьют уәләятының 38 жастағы тұрғын әйелі жұқтырған. Оны өткен сенбі күні ауруханаға жоғары дене қызуымен және қатты жөтелмен жатқызған болатын. Әдеттегіше бұл індетті ол үй құстарынан жұқтырған.