Мысырда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқастың тіркелгені туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.
«42 жастағы ер адам мамандандырылған оқшаулау ауруханасына карантинге жатқызылды және оның жағдайы тұрақты», - делінген аталған ведомство хабарламасында.
Министрлік бұл жағдайды эпидемиологиялық мониторингінің әдеттегі рәсімдері кезінде анықтап, пациентке және онымен тікелей байланыста болған адамдарға қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған алдын алу шаралары қабылданғанын мәлімдеді.