Мысырда мінәжат етушілер мінген автобус аударылды

АСТАНА.  Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат -   Дүйсенбі күні кешке Мысырда мінәжат етушілер  мінген  автобус аударылды. Оқиға салдарынан 22 адам түрлі  жарақат  алды,

деп  хабарлайды ҚазАқпарат   «РИА «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жол полициясының  мәліметтері  бойынша,  жол-көлік оқиғасы Сафага-Хургада   жолында  болған.   Жылдамдықты асырған автобус жүгізушісі,   бұрылыстардың бірінде  рульге  ие  бола алмай  қалған.

Автобуста  48 адам болған,  барлығы Мысыр азаматтары   деген  ақпарат бар.   Мінәжат етушілер   Сауд  Арабстанынан, кіші  қажылықтан   Каирге   қайтып  келе жатқан.   Полиция   жүргізушіден  жауап алуда.