Мысырда мұражай қызметкерлері перғауынға сақал жапсырғаны үшін жауапқа тартылмақ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Тутанхамон перғауын бетпердесіне сақал жапсырғаны туралы іс бойынша мұражайдың сегіз қызметкері сот алдында жауап береді, деп хабарлады Би-би-си мысырлық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын Тутанхамонның өлгеннен кейінгі бетпердесіне желімделіп жапсырылған заттың іздері анықталғаны белгілі.

Бір нұсқада бетпердедегі сақал кездейсоқтықтан, ал екіншісінде ескіргендіктен түсіп қалған.

Тергеу деректеріне сәйкес перғауынға 4 рет желімдеп сақал жапсыруға әрекет жасалғаны белгілі болды. Бұл қолдарынан келмеген мұражай қызметкерлері іздерін жасыруға тырысқан.

Тутанхамонның өлгеннен кейінгі бетпердесі Каирдегі туристік құндылықтардың бірі саналады, оған 3 мың жылдай болған.