«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті осыған дейін Мысырда демалушы қазақстандықтарға аса сақ болып, демалыс аймақтарынан алысқа кетпей, лаңкестік және криминалдық жағдай сақталған ірі қалалар мен аудандарға бармаған жөн деп тағы бір ескертеді», - деп жазылған Комитеттің хабарламасында.
Әлемдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 24 қаңтар күні Мысыр астанасы мен Каирге жақын маңдағы аудандарда бірнеше лаңкестік актілер орын алған. Салдарынан бірнеше адам қаза болып, ондаған адам жараланды. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, жарылыстардың салдарынан ажал құшқандардың арасында қазақстандықтар жоқ.