Мысырда саяси партияны алғаш рет әйел басқармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда саяси партияның төрағасы болып алғаш рет әйел адам сайланды, деп хабарлады Росбалт, Халя Шукр Алла «Ад-Дустур» либералдық партиясын басқарды.

"Партияның саяси бюросының мүшесі Халя Шукр Алла - партияның көрнекті қайраткері. Оған партия басшылығының 107 мүшесі жақтап, 57-сі қарсы дауыс берген", - деп хабарланды Facebook-те партия парақшасында.

"Ад-Дустур" партиясының экс-басшысы Мұхаммед әл-Барадеи оның құрметті төрағасы болып қалды.