Мысырда содырлардың мешітке шабуылынан 155 адам құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың Синай жартылай аралының солтүстігінде содырлардың мешітке шабуылдауынан 155 адам құрбан болып, 120 адам зардап шекті. Бұл туралы ТАСС агенттігі ресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін мемлекеттік MENA агенттігі содырлардың мешітке шабуылынан 155 адамның қайтыс болғандығын хабарлады.

Шабуыл Солтүстік Синай провинциясының астанасы Эль-Аришадан батысқа қарай 30 км қашықтықта Эр-Рауда елді мекенінде, жұма күні мінәжат ету кезінде мықты дайындықпен ұйымдастырылған.

Террористер мешітті жол талғамайтын 4 көлікпен қоршап алып, жамылғыш затты мінажат етіп жатқан адамдардың ортасына тастап, жарып жіберіп, артынан оларға қарай оқ жаудырған.

Хабарламада шабуылдаушылардың жарақат алған адамдарды алып кетуге келген жедел жәрдем көліктеріне де оқ атқандығы айтылады.

Солтүстік Синай провинциясының барлық ауруханалары мен медициналық мекемелерінде төтенше жағдай жарияланды. Ел әскері мен полиция қызметкерлері аймақты тексеру шараларын жүргізіп жатыр.Осы оқиғаға байланысты Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл мәжілісін өткізді және оған елдің барлық күш-қуат құрылымдары қатысты. Ішкі істер министрлігі теракт бойынша тексеру жұмыстарын жүргізумен айналысатын арнайы комиссия құрды. Сонымен қатар полиция мешіттер мен шіркеулерді қоса алғанда барлық маңызды мемлекеттік нысандарға күзетті күшейтті.

Елде мемлекет басшысының тапсырмасымен террористік акт құрбандары үшін үш күндік аза түту күнін жариялады.