Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси әскери киімде кемелердің біріне барып, кеме қатынасының басталғаны туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңа 72-шақырымдық арнаның ашылу жобасы туралы өткен жылғы тамызда хабарланған. Бастапқыда үш жылда аяқтау жоспарланған, алайда кейіннен мерзімді 12 айға қысқартты. Жаңа арна аса ауқымды қызмет көрсету кешенін және бірнеше өнеркәсіптік аймақты қамтиды. 8 миллиард доллар жұмсалған жаңа жоба ел экономикасын тұрақтандыруға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қомақты үлес қосады деп болжанып отыр.