Бұл туралы көне ескерткіштер бойынша танымал маман, кезінде ежелгі Египет істері жөніндегі Жоғары кеңесті басқарған Заки Хавас мәлім етті.
«Қазба жұмыстары кезінде табылған ескерткіш б. э. д. XXV-XXIV ғасырларда мысырды билеген V әулет перғауыны Джедкару Исесиге арналған», - деп түсіндірді ол.
Бұл осымен аталмыш перғауынға арналған екінші пирамида. Джедкар Исеси мысырды 44 жыл басқарған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.