Мысырда тағы да құс тұмауы тіркелді

КАИР. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат – Мысырда адамның құс тұмауын жұқтыруының 63-ші оқиғасы тіркелді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әбдел Рахман Шахин жексенбі күні кешке мәлім еткендей, Кальюбия провинциясында 6 жасар баланың қатерлі вирусты жұқтырғаны анықталып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап. Баланың бойында аурудың алғашқы белгілері осыдан екі апта бұрын анықталған екен. Бірақ оны ауруханаға тек алты күннен кейін жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр, бала жасанды жолмен тыныс алуда. Мысырда бір айдың ішінде осымен алтыншы адам қатерлі вирусты жұқтырған. Өткен аптада екі жасар балаға құс тұмауы жұқты деген диагноз қойылған еді.