Каирдегі тәртіпсіздік 11 қыркүйек күні кешке басталған. Қауіпсіздік қызметтері исламистердің автокөлігін ұстауы мұң екен сол жерде жанжал басталды. Офицерлерге күш қолдануға тура келді.
Өзге қалаларда да үкіметке қарсы шерулер орын алды. Александрияда екі мыңға жуық адам көшеге ереуілдеп шықты. Манифестанттар елдің бұрынғы президенті Мухаммед Мурсиді қызметіне қайтаруды тағы талап еткен. Жиылған жұртты көзден жас ағызатын газ қолданып, қуып таратқан.
"Біз бостандығымызды бірнеше ай бойы талап етудеміз және бізге құлақ асады деген сенімдеміз, - дейді Мұхаммед Мурсидің жақтасы Атеф Эль-Сайед. - Заң жүзінде тағайындалған президентті қылмыскерлер тақтан түсірді, олар жазалануы тиіс!" "Біз елімізде референдум өткізуге шақырамыз. Мурсидің президент болғанын қалайтын-қаламайтынын қарапайым египтеттіктер өздері шешсін. Егер қаламаса, жаңа президентті сайлайық!" - деп мәлімдеуде бұрынғы президенттің екінші жақтасы Сами Халед.