Мысырда Тахрир алаңына жиналған жұрт Президенттің кетуін талап етуде

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Мысырда билікке қарсы шеру қайта басталды. Тахрир алаңына жиналған мыңдаған тұрғын Үкіметке қарсы ұрандатып, ел президенті Мохаммед Мурсидің қызметінен кетуін талап етті, деп хабарлайды 24 KZ.

Сондай-ақ, президенттікке мерзімнен бұрын сайлау өткізуді сұрады. Мұнымен қоса «Мұсылман бауырлар» ұйымын да биліктен кетуін талап етеді. Бұдан басқа елдің Александрия қаласында мұсылмандар мен христиандар арасында қақтығыс болды. Осының салдарынан 1 адам жан тапсырып, оншақты адам жарақат алды. Ашынған жұрт бір-біріне тас пен бөтелке лақтырды. Шерушілерді тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газбен тоқтатты.