Мысырда тәртіпсіздіктер салдарынан 70-тен астам адам зардап шекті

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Мысырдағы тәртіпсіздіктер салдарынан екі адам қаза тауып, кем дегенде 70 адам жарақаттанды,

деп хабарлайды "Лента.ру" Agence France-Presse-ке сілтеме жасап.

26 қаңтарда, сәрсенбі күні Каирдың орталық аудандарының бірінде құқық қорғау органдары өкілдері мен шеру акциясына қатысушылар арасында қақтығыс болды. Шерушілер тәртіп сақшыларын таспен атқыласа, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi көзден жас ағызатын газ қолданып, қарымта қайтарды. Қақтығыс салдарынан бір полицей және бір шеруші көз жұмды.

Ірі портты Суэц қаласында шерушілер сәрсенбі күні бірнеше үкімет ғимараттарына, сонымен қатар Мысырдағы басқарушы Ұлттық-демократиялық партия өкілдігіне жанғыш қоспасыбар шөлмектер лақтырды. Шерушілерді тарату үшін сақшылар көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқтармен ататын қаруды қолданды. Суэц медициналық қызметі полиция қызметкерлерінің де, шеруге қатысушылардың да арасында бірнеше ондаған жараланған адамдар бар екенін хабарлайды.