Бұл туралы Ресей туроператорлар қауымдастығының сайтында хабарланды.
«Хургадта 34 нысан, Марса Аламда - 35 қонақүй жабылады. Бұл ретте Қызыл теңіздің барлық курорттарында қазіргі уақытта толық қуатта жұмыс істеп тұрған қонақүйлер жоқ», - делінген хабарламада.
Мысыр Бизнесмендер қауымдастығының Туризм комитетінің деректеріне сәйкес Сафага, Луксор, Асуан курорттарында бірқатар қонақүйлер жабылды.