Түрлі мәліметтер бойынша, қашқындар түзету мекемесіне басшылық еткен генералды өлтіріп кеткен. Қарақшылар тағы бір жоғары лауазымды әскериді кепілдікке алған.
«Синьхуа» агенттігінің ақпараты бойынша, елдің басқа өңірлерінде де осындай оқиғалар болуы ықтимал. Бейресми мәліметтер бойынша, бостандыққа 700-дей емес, 5 мыңдай тұтқын қашып шығуы мүмкін. Олардың ішінде Хосни Мүбарактың үкіметі белсенді күресіп келген экстремистік және лаңкестік ұйымдардың мүшелері болуы мүмкін.
Сондай-ақ Мысырдың бірнеше қаласында полиция учаскелерін басып алуға әрекеттер жасалған. Бени-Суэйф қаласында осындай бір шабуылдың беті қайтарылып, 2 бүлікшінің көзі жойылған.
Мысырдағы жағдай өте күрделі. Полиция қорқаулар басып алған ірі қалалардағы ахуалды бақылауға ала алмай отыр. Армия бөлімшелері тек маңызды үкіметтік нысандарды ғана күзетуде.