Ахмед Мансур Карни есімді баланың қорғаушысы Рамадан Фархат бүлік кезінде ол 1,5 жаста болғанын айтты.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, ол қауіпсіздік қызметіне баланың туу туралы куәлігін жолдаған, алайда құжат қабылданбай, іс соттың қарауына берілді. Ахмед Мансур Карни 2012 жылдың қыркүйегінде дүниеге келді, деді Фархат.
2014 жылы 3 қаңтардағы бүлікке қатысқандарға қатысты үкімді әскери трибунал сырттай шығарған.
Осыған ұқсас жағдай 2014 жылы Үндістанда орын алған.