Мысырда жаңа парламент жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда жексенбіде елдің жаңа парламентінің алғашқы отырысы ашылды. Жұмыстың бірінші күні депутаттар ант қабылдап, спикерді сайлайды деп күтілуде.

Таяудағы екі аптада заң шығарушылардың осыдан үш жыл бұрын сот шешімінен таратылған парламенттен кейін үкімет енгізген жүздеген заңды қараулары тиіс.

Қазіргі парламент құрамындағы орындардың басым бөлігін президент Абдель Фаттах ас-Сисидің жақтастары алды.