Мысырда жоғалған барлық ресейлік дайверлер аман-есен табылды

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мысырдан жеткен жедел хабарлар бойынша, онда ресейлік үш дайвер аман-есен табылды. Бұл туралы Ресейдің Каирдегі елшілігінің консулдық бөлімінен хабарлаған.

Осының алдында    ғана Әл-Кусейр     қаласының  тұсындағы жағажайдан    төртінші дайвер табылған  болатын. Естеріңізге сала кетейік,   ресейлік  туристер      алдыңғы күні   Қызыл  теңізде, Әл-Кусейр     курорттық қаласының  маңында  жоғалып  кеткен   еді.

Бірінші табылған   дайвер   Виталий Иванов жағалауға  20 шақырымдай    қашықтықты жүзіп жеткен.    Мысырдың  қауіпсіздік күштерінің  қызметкерлері  оны Әл-Кусейр  қаласының    жағажайынан тапқан,  деп хабарлайды  «Маяк» радиостансасы.