Мысырда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Мысырда жолаушылар шағын автобусы жол көлік оқиғасына ұшырады. Соның салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап, Утро.ру хабарлайды.

Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, қайғылы оқиға Гиза Ұлы пирамидалары ауданының айналмалы тасжолында орын алған. Адамға лық толы шағын автобус жүк автокөлігімен соқтығысып қалған. Сегіз адам әр түрлі ауырлық деңгейінде жарақат алған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.