Каналға қызмет көрсететін LethAgencies компаниясы буксирлер MV Glory жүк кемесін орнынан жылжытуға тырысып жатқанын хабарлады.
65 мың тонна жүгері тиеп, Украинадан шыққан жүк кемесі Қытайға бет алған болатын.Еске салайық, 2021 жылдың жазында Суэц каналында Ever Given мегаконтейнер кемесі қайырға тұрып қалған болатын.
Ол кезде канал бойымен қозғалыс толығымен жабылды.
Жүк кемелері қатынайтын Мысырдағы Суэц каналы Орта және Қызыл теңіздерді жалғап тұр.
Фото: aa.com.tr