Мысырдағы «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығы мен қазақ тілі мамандығы ашылмақ

Фото: None
КАИР. ҚазАқпарат – Мысырдағы «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығы ашылып, қазақ тілі мамандығы оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше,Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев әлемдегі ең көне оқу орындарыныңбірі және ислам білімінің ордасы болып табылатын «Әл-Азһар» университетініңректоры Мұхаммед әл-Махрасауимен кездескен. Кездесуге сондай-ақ Алматыдағы «Нұр-Мүбарак»Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің ректоры Мұхаммед әл-Шаххатәл-Джинди қатысты.

Сұхбат барысында елшіА.Исағалиев мысырлық білім ордасының басшысын Қазақстандағы соңғы саясиүдерістермен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған еліміздіңәлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ жүргізіліпжатқан білім мен ғылым саласындағы реформалармен таныстырды.

Тараптар «Әл-Азһар»университеті мен еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды, соныңішінде «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетіменакадемиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда«Әл-Азһар» «Нұр-Мүбарак» университетін оқытушылармен қамтамасыз ететін мысырлықтараптардың бірі. Сонымен қатар, ислам білім ордасы Қазақстан мұсылмандары дінибасқармасымен тығыз ынтымақтастық орнатып, еліміздің имамдарын экстремистікидеологияға қарсы күрес саласында қайта даярлап шығаруға үлкен көмек көрсетуде.

Сонымен қатар,кездесу барысында 2020 жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қазақхалқының кемеңгер ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығынмерекелеу аясында, «Әл-Азһар» университетінде Абай орталығын ашу және Тілдержәне аударма факультетінде қазақ тілі мамандығын енгізу ұсынылды.

РекторМ.әл-Махрасауи аталмыш бастаманы жылы қабылдап, өз тарапынан тиісті қолдаукөрсететінін жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттықпедагогикалық университетімен бірлесе отырып жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар