Қауіпсіздік күштері Каирде зорлық-зомбылық болдырмауға қанша тырысып бақса да, қақтығыстан қашып құтыла алмады.
Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 15 тәртіп сақшысы мерт болды. Жаңа билік құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарға оқ жаудыруға рұқсат берді.
Денсаулық ведомствосының мәліметінше, Мысырдағы қақтығыс салдарынан 600-ден аса адам қаза болып, 4000 адам жарақат алды.
Халықаралық істер бойынша вице -президент Мұхаммед әл-Барадей қалыптасқан жағдайға жауап беруден бас тартып, отставкаға өтініш берді.