Мысырдағы қақтығыстан опат болғандар 500-ден асты

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Мысыр бойынша наразылық білдірушілердің полиция және әскер бөлімшелерімен қақтығысы салдарынан 525-тен кем емес адам опат болып, 3 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ел билігінің мәлімдемесіне қарағанда, қаза болғандардың арасында 43 полиция қызметкері бар. Аталған қақтығыстар сәрсенбіде Каирде басталған болатын, кейін ол елдің басқа провинцияларында жалғасын тапты.

Каирде «Мұсылман бауырлар» қозғалысы бейсенбі кешке наразылықтың жаңа толқыны орын алатынын мәлімдеген көрінеді.