Мысырдағы қарсылық шаралары жаңа күшпен тағы тұтанды
09:13, 10 Ақпан 2011
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Мысырдағы жағдай тағы да ушығып кетті.
Мыңдаған шерушілер президент Хосни Мубарактың отставкаға кетуін талап етіп, Каир орталығына жиналды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Қарсылық білдіру шаралары Тахрир алаңының сыртына шығып кеткен. Жүздеген адам Парламент пен Үкімет ғимараттарын қоса алғанда, мемлекеттік мекемелерді қоршап алғандығы хабарланып отыр.
Осындай қарсылық шаралары Мысырдың басқа да өңірлерінде өткен. Мысалы, елдің оңтүстігіндегі Әл-Харга қаласында қарсылық білдірушілер мен қауіпсіздік күштері арасында болған қақтығыстардан 3 адам көз жұмып, 100-ге жуық азамат жарақат алған.