«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Мысырдағы екі автобустың соқтығысуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - деді Н.Айтмаханов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, апат салдарынан 25 адам қаза тауып, 50-ден астамы жарақаттанған болатын. Жол-көлік оқиғасы жұма күні Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстігінде орын алған.