Мысырдағы шиеленіс кезінде журналист қаза тапты

None
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Каирдегі шерушілердің кикілжіңі кезінде мысырлық «Аль Ахрам» газетінің тілшісі Ахмед Мохаммед Махмуд қаза тапты, деп хабарлайды Катардың «Әл-Жазира» телеарнасына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Манифестацияны түсіру кезінде басынан оқ тиіп, қаза тапқан Махмуд Мысырдағы шиеленісті жағдай кезінде қаза тапқан алғашқы журналист болды. Барлығы тәртіпсіздіктер барысында түрлі мәліметтер бойынша 100-ден 300-ге жуық адам зардап шеккен.