Мысырдағы жаппай тәртіпсіздіктер тыйылмай тұр

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Тақтан тайдырылған Мысыр президенті Мохаммед Мурсиді жақтаушылар мен қарсы шыққандар арасындағы қақтығыстар барысында кем дегенде 9 адам қаза тапса, бірнеше ондағаны жапа шекті.

Каирдегі Би-Би-Сидің тілшісі Квентин Соммервиллдің айтуынша, қазіргі уақтытта Рабаа аль-Адавия мешітінің маңында жаппай қақтығыс орын алған.

26 шілде күні кешкі намаздан кейін қоғамдық шерулер мен наразылық шарасы басталып, түні бойы жалғасқан.

Мысыр әскерінің қолбасшысы генерал Абдель Фаттах Сиси бейсенбі күні әскерилерге саясатқа араласу, президентті тақтан тайдыру және уақытша үкіметті қалыптастыру мандатын беру үшін халықты көшеге шығуға үндеді.