Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ұшақ бортында барлығы 188 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.
Келген жолаушыларды полиция қызметкерлері, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлері бірге қарсы алды.
Жолаушыларға термометрия, сауалнама жүргізілді, ПТР-тест анықтамасының бар-жоғы тексерілді.
«38 жолаушыда ПТР анықтама болмады. Олардың жағдайы бірқалыпты. Қазір ұшақ жолаушылары ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін Тобыл қаласының карантин госпиталіне орналастырылды» делінген ведомствоның ақпаратында.