ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бір тәулікте елімізге барлығы 2 450 жолаушы ұшып келді. Оның 2300-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 150-і анықтамасыз келген, барлығы да - ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 367 жолаушы, анықтамамен – 1 302, анықтамасыз - 65;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 531 жолаушы, анықтамамен - 500; анықтамасыз - 31;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 288 жолаушы анықтамамен келген;
- Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 54;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен.
Сондай-ақ 14 наурыз күні шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 793 азаматының ПТР-тест нәтижесі дайын болған. Оларға сәйкес, «Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.