Мысырды Бейбарысқа дейін мәмлүктердің екі әулеті билеген

None
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Мысырды мәмлүктердің екі әулеті билеген: Бахрлар (түркілер) - 1250-1390 жылдар, бурд­жа­лар (кавказдықтар) - 1390-1517 жыл­дар ара­лығына сай келеді.

Десе де, түркі­ден шыққан сұлтандар 1516 жылға дейін Мы­сыр мемлекетінің сұл­тандығына сайланып отырған. Түркілерден шық­қан елге белгілі сұл­тандар мыналар: Айбек (1250-1257), Бей­ба­рыс (1260-1277), Калаун (1279-1290) Барс­бей (1422-1438), Гури (1501-1516). Айбек пен Бейбарыстың сұлтандығы аралығында (1257-1260) Байғұш пен Құтұз билік еткен. 1516 -1517 жылдары түрік сұлтаны Селим І Сирия, Египет пен Палестинаны жаулап алып, мәмлүктердің үстемдігін жойды. Түріктердің жаулап алуынан соң Мысырдағы жердің бір бөлігі мәмлүктердің билігінде қалды. Мәм­лүктер Каирдегі түрік пашасына алым төлеп тұруға міндеттенді. XVII ғасырдың соңында Осман империясының әлсіреуі мәмлүктердің өз билігін қалпына келтіруіне мүмкіндік берді (1711-1798), деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.