Мысырдың Бас мүфтиі қыз-келіншектерге шалбар киюге рұқсат берді

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Суданда шалбар кигені үшін сотталған журналист Либна Ахмед әл-Хусейн ханымның төңірегінде туындаған дау-дамайға байланысты, Мысырдың Бас мүфтиі шейх Әли Гомаа қыз-келіншектердің шалбар киюге деген құқықтарын қорғап, сөз сөйледі.

Мүфти қыз-келіншектер  ішкі дене  көрінбейтін  матадан  тігілген   және   жинақы   шалбарлар киюге  құқылы екенін қаулы етті.