Мысырдың бұрынғы президенті Мурсиді ұрлап кетті

АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсидің отбасы саясаткердің ұрланғанын мәлімдеді.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Мурсидің қызы Шаиманың пайымынша, оның әкесін әскерилер ұрлап әкеткен. Еркіндік пен әділеттілік партиясы «Мұсылман бауырлар» қозғалысы төрағасы орынбасарының айтуынша, еш сотсыз үйқамаққа алу - ұрлық.

Бұрынғы президентті Мурси отбасының мүшелері де, оның жақтастары да Мысырдағы әскери төңкерістен кейін көрмеген болып шықты.