Мысырдың экс-президенті Мүбарак «нәр татудан бас тартуда»

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак әлсіреп бара жатыр, ол нәр татудан бас тартуда,

деп хабарлады елдің мемлекеттік ақпараттық агенттігі.

ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, сыбайлас жемқорлығы және наразылық білдірушілердің көзін жою туралы қауіпсіздік күштеріне бұйрықтар бергені үшін айыпталып отырған 82 жастағы экс-президенттің ісі бойынша бірінші сот мәжілісі келесі аптаға белгіленіп отыр.

"Мүбарак Шарм-эш-Шейхтегі ауруханаға қамауда жатыр. Ол қатты күйзелісте, күн санап әлсіреп бара жатыр, нәр татудан бас тартуда", - деп хабарлады МЕНА агенттігі аурухана басшылығына сілтеме жасап. Бірақ, Мүбарактың қарсыластары, экс-президент осылайша соттан жалтаруға тырысуда деп санайды.

Мүбарак ағымдағы жылдың ақпан айында 840-тан астам адам қаза болған бұқаралық наразылық шерулердің қысымымен отставкаға кеткен болатын.