Мысырдың Қауіпсіздік күштері қателесіп, Мексикадан келген туристерді өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырда Қауіпсіздік күштері ливиялық шекараға жақын жерде 12 адамды Батыс аралындағы исламшылар деп ойлап, атып өлтірген. Олардың қателігі салдарынан қаза тапқандардың ішінде Мексикадан келген туристер де бар.

Мысыр ІІМ хабарламасына сәйкес атыс барысында кем дегенде тағы 10 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында Мысыр азаматтары, сонымен бірге Мексикадан келген туристер де бар.

Оқиға мексикалық туристер мінген төрт джип «тыйым салынған» аймаққа кірген кезде орын алды.

Мысырлық ІІМ болған оқиғаның мән-жайын тергеуге кірісті.

Бұған дейін бір күн бұрын «Ислам мемлекетіне» байланысты жихад тобы өз содырларының Батыс аралында екенін мәлімдеген болатын.

Бұл өңірге туристер көптеп келетін, соңғы уақытта бұл жер исламшылар базасы ретінде де белгілі бола бастады.