Мысырдың қорғаныс министрі президенттік сайлауға түспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египеттің қорғаныс министрі президенттікке түсу ниетін жариялады.

Осылайша Абдель Фаттах ас-Сиси жақын айларда өтетін сайлауда бағын сынауға бел байлап отыр. Бұдан бұрын қорғаныс министрінің кандидатурасын Египет қарулы күштерінің Жоғары кеңесі ұсынған еді. Ас-Сиси 30 маусымда президент Мухаммед Мурсиге қарсы жаппай наразылық кезінде армияның халықты қолдауына орай жұртшылыққа кеңінен танымал болған еді, деп хабарлайды РСН агенттігі.