Қолда бар деректерге қарағанда, Танта қаласынан Каирге бара жатқан №548 жолаушылар пойызы Шибин-эль-Ком темір жол стансасына таяп қалған шақта рельстен шығып кеткен.
Оқыс оқиға болған шақта құрамадағы қатты үрейленген жолаушылардың бірқатары вагон терезелерінен секірген.
Оқиғаның себеп-салдары немесе зардап шеккендер туралы деректер түскен жоқ, деп хабарлайды ТАСС.