Мысырдың Кальюбия провинциясында орын алған өрт кезінде 12 адам ажал құшты, деп мәлім етті провинция қауіпсіздік қызметінің өкілі. «Кәсіпорынның 12 жұмыскері қаза тауып, 9-ы жарақаттанды», деп нақтылады ол.
Полиция деректеріне сүйенсек, өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жау 1,4 мың шаршы метрді шарпып үлгерген. Алдын ала бағалау бойынша өрт тұрмыстық газдың жарылуынан шыққан.