Салтанатты рәсім елдің Конституциялық сотында өтті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Мемлекеттік телеарна Мурси кортежінің сот ғимаратына қарай бағыт алғанын көрсетті, алайда салтанаттың өзі эфирден берілген жоқ.
Исламдық «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өкілі Мұхаммед Мурси президенттік сайлаудың екінші турында елдің бұрынғы премьер-министрі Ахмад Шафиктан басым түсіп, жеңіске жетті. Бұған дейін ол ел президенті ретінде қозғалыс қатарынан шығатынын мәлімдеген болатын.