Жоғары сайлау комиссиясының басшысы Фарук Сұлтан жаңа президенттің есімін жария етеді деп күтілуде. Бұл ақпаратты ИТАР-ТАСС агенттігі жария етіп отыр.
Оның баспасөз конференциясы жергілікті уақыт бойынша 15:00-ге жоспарланған. 16-17 маусым күндері өткен дауыс беруден кейін-ақ бақталас кандидаттар - исламшыл Мухаммед Мурси мен экс-премьер Ахмед Шафиктің сайлауалды штабтары дауыс санау шараларына бірден кіріскен еді.
Дегенмен қазіргі сәттерде қала көшелерінде кандидаттарды қолдауға бағытталған жиындар өтіп жатыр. Мәселен, Каирдің Тахрир алаңында «Мұсылман бауырлар» жақтастары шеру өткізіп, сайлау қорытындысын шұғыл арада жариялауды талап етуде. Ал Наср-сити алаңында кеше Шафиктің мыңдаған жақтастары жиналған болатын.