Мытищеде автокөлік асфальттың астына түсіп кетті

АСТАНА. Шілденің  23-і. ҚазАқпарат - Мәскеудің  түбіндегі  Мытище  қаласында  төтенше оқиға  орын алды.   Daewoo маркалы  көлік  асфальттың  астына түсіп кетті.     Көліктің  жүргізушісі оқиға кезінде салонда болған,

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жүргізушіге көліктен    шығуға   оқиға орнына    жеткен  құтқарушылар  көмектескен.    Келіп түскен   мәліметтер  бойынша,  оқиға  Вера  Волошина көшесінде, 23-ші  үйдің жанында орын алған.

Мәскеудің  құқық қорғау  органдары    шілденің 10-ында  Мәскеулің   солтүстік-батысында осындай  оқиғаның  орын  алғанын    хабарлаған болатын.  Сол жолы Маршал  Новиков  пен  Максимов көшелерінің  қиылысында  20 шаршыметрдей   жердің топырағы   ойылып қалған.   Оқиға   аман-есен аяқталған, кісі құрбандығы болмаған.  Топырақтың  ойылуына   айдың басында  бірнеше күн бойы тоқтамай  жауған нөсер жауын  себеп болуы  ықтимал.