«Біздің мәлімет бойынша, барлық құрбан Мюнхен мен оның төңірегіндегі мекендердің тұрғындары, яғни ешқандай шетелдік және туристер жоқ», - деді ол журналистерге.
Полиция басшысы мерт болғандардың біреуі - 45 жаста, екеуі - 15 жаста, үшеуі - 14 жаста және қалғаны 17,19,20 жаста болғанын айтты. Шабуыл жасаушының өзі 18 жаста болған.
Жұма күні кешкі уақытта Мюнхеннің ірі сауда орталығы маңындағы шабуылдан жанкештіні қосқанда, он адам қаза тапты. Тағы 27 адам жараланды, оның ішінде 10 адам ауыр халде жатыр, арасында 13 жастағы жасөсіпрім бар.
09:49, 24 Шілде 2016
Мюнхен полициясы: қаза тапқандар арасында туристер жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мюнхендегі сауда үйінде болған шабуыл құрбандары арасында шетелдік туристер жоқ. Қаза тапқандардың барлығы дерлік қала тұрғындары және көпшілігі жастар. Бұл жөнінде сенбі күні баспасөз конференциясында Хубертус Андрэ мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.