Келісімде көрсетілгендей қоршауға адамдар өрмелей алмайды және ол доп соғып ойнауға жарамсыз. Оған таяу тұрған үйлер 25 метр қашықтықта орналасқан және қоныспен араны жол бөліп тұр.
Нойперлахтағы қоныс 160 жас босқынға арналған. Оның ішінде Германияға жалғыз келген жасөспірімдер де бар.
Жергілікті саясаткер Гидо Бухольц бұл шешім қонақжайлық мәдениетіне қайшы, босқындардың интеграциясына кедергі келтіреді деп санайды. Берлин қабырғасының өзі осы қоршаудан 40 сантиметр аласа болыпты.